Ресейлік кинорежиссер Алексей Германның (кіші) «Под электрическими облаками» атты туындысы Халықаралық «Берлинале» байқауына ұсынылды.
Режиссердің айтуынша, неміс сыншылары аталмыш кинокартина туралы теріс пікір білдірген.
Алайда, А.Герман туындысын орыс классикалық романының үлгісімен дайындалған поэтикалық драма деп есептейді.
«Жүлдеге деген үміт аз. Кинодағы кейбір бейнесюжеттер орыс ұлтына таныс болғанмен, шетелдіктерге түсініксіздеу. Бұл - лотерея», дейді режиссер.
«Под электрическими облаками» фильмі прокатқа көктем айының соңында шықпақшы.
Фестивальдың басты сыйлығы - «Алтын аю». Жүлдегерлерді марапаттау 14 ақпанда өтеді.