Бүгін – қазақ жерінде алғашқы әдеби-музыкалық шығармашылық кеш өткен күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – қазақ жерінде алғашқы әдеби-музыкалық шығармашылық кеш өткен күн

13.02.2015
Бүгін – қазақ жерінде алғашқы әдеби-музыкалық шығармашылық кеш өткен күн

Осыдан 100 жыл бұрын яғни, 1915 жылы 13 ақпанда Абайдың 70 жылдығына арналған әдеби-музыкалық шығармашылық кеш өткізілді. Атаулы күнге орай бүгін «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры Алмахан Мұхаметқалиқызы мен «Даналық әліппесі» жобасының авторы Нұралы Құдайбергенұлы «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Бұл – әдебиеттанудағы алғашқы мерейлі кеш. Кешті ұйымдастырған қазақтың тұңғыш ағартушы қызы, педагог, журналист Нәзипа Құлжанова мен жолдасы Нұрғали Құлжанов болатын. Ондағы  мақсат – сыртта оқып жүрген тұрмысы төмен қазақ жастарын қолдау. Кейін сол кештен түскен 986 сомды жастарға бөлген».

«Жалпы, сахналық қойылым, әдеби кешті жиналып көру, талдау деген ұғымның алғашқы баспалдағын қалыптастырған да осы Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтар».

«Руһани мұрамызды мұхит деп есептесек, біздің бұл әрекетіміз – сол мұхитқа қосылған кішкене өзеннің арнасы деп білемін. Абайдың мұрасын тану жолында қандай қызмет етсек те, ол аздық етеді.

Сол себепті, өз тарапымыздан жаңа технологияның көмегімен Абайтануға аз да болса, үлес қосып келеміз. Абайтануды сөйлетсек деген оймен методикалық құрал - сөйлейтін қалам жасап шықтық»,-дейді авторы Нұралы Құдайбергенұлы.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу