Ұлттық өндіріс. «Danone Berkut» сүт өндірісі кәсіпорны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық өндіріс. «Danone Berkut» сүт өндірісі кәсіпорны

12.02.2015
Ұлттық өндіріс. «Danone Berkut» сүт өндірісі кәсіпорны

Біздің ел сүт өнімдерін тұтыну жағынан дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, ондаған есе аз пайдаланады. Бұл мәселе бүгінгі күні өте өзекті.

Негізі, тұтынушылар үшін сүт өнімдерінің құны оның құрамындағы нәрлі заттардың сапасымен, сондай-ақ, өндіріс қауіпсіздігімен өлшенеді.

«Danone Berkut» компаниясында қолданылатын заманауи технологиялар сүтті пайдалы қасиеттерін сақтай отырып тазартуға мүмкіндік береді.

Өнімдердің толық залалсыздандырылған жағдайда әзірленуін және қорапқа құйылуын қамтамасыз етеді. Соның арқасында компания өндіретін өнімдер қаптамада көрсетілген мерзімге дейін таза күйінде сақталады әрі сапасын жоймайды.

Бүгін «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарында «Danone Berkut» сүт өндірісі кәсіпорнының тынысы туралы айтылмақ.

Хабарламаларға жазылу