Қазақ тілін меңгерген шетелдік жастар - «Таңшолпанда» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тілін меңгерген шетелдік жастар - «Таңшолпанда»

12.02.2015
Қазақ тілін меңгерген шетелдік жастар - «Таңшолпанда»

Ассамблея жылына орай  бүгін «Таңшолпанға» жапон, неміс, корей халқының  өкілдері  келді. Мемлекеттік тілді меңгерген жастар домбырада ойнап, ән де салады.

Котаро Осе: «Жапония елі мен Қазақ елінің қонақ күту рәсімі өте ұқсайды. Бізде де ер-азаматтар қонақтармен әңгіме-дүкен құрса, әйелдеріміз тамақ дайындайды. Сонымен қатар, екі елдің грамматикасы да ұқсас. Содан болар, қазақ тілін үйрену маған қиын болмады»,-дейді.

Ал, корей халқының өкілі Канг Енг Кию болса, «сіздің халықта да үлкенге құрмет көрсету жоғары бағаланады. Бізде де үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету ежелден келе жатқан салт. Корей халқының сөйлемдік құрылыстарының ұқсастығы да менің қазақ тіліне деген қызығушылығымды арттыра түсті»,-дейді.

Жапониялық Котаро Осе домбырада ойнауды үйреніп жүр. «Қазір бес күй шерте аламын. «Балбырауын», «Көрұғлы», «Кеңес», «Күткенде» және «Адай» күйлерін білемін»,-дейді ол.

Пуклитц Аня: «Қазақ халқы да немістер сияқты ұн тағамдарын жиі қолданады. Ұқсастығы сол шығар, бәлкім. Маған қазақтың қымызы мен бауырсағы ұнайды».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу