Мемлекеттік қызметкердің жұмысы бизнеске айналмауы керек - Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметкердің жұмысы бизнеске айналмауы керек - Н.Назарбаев

11.02.2015
Мемлекеттік қызметкердің жұмысы бизнеске айналмауы керек - Н.Назарбаев

Мемлекеттік қызметкердің жұмысы бизнеске айналмауы керек. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Мемлекет қаражатын фирмаларға, таныстары мен туыстарына үлестіріп беруді тоқтату керек. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта дәл осы себептермен үш облыстың әкіміне тергеу жүргізілуде.

Министрлік басшылары мен түрлі мекемелердің жетекшілері қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Біздің арамызда олардың қатарын толықтыратындардың жоқ екеніне сенім білдіремін. Қарапайым тұрғындардың қажеттіліктері мен мәселелеріне атүсті қарамау керек», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Президент мемлекеттік органдардағы командалық ауысуды тоқтату керектігін еске салып өтті. 

Хабарламаларға жазылу