«Татулық, бірлік, келісім – ең асыл іс кез келген ел үшін». Қазақстан азаттық алғалы бері осы ұранды ту етіп келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мемлекеттің алдымен экономикасын көтеруді басты мақсат еткені белгілі.
Бірақ бұл мақсатқа бірліксіз, ынтымақсыз қол жеткізу мүмкін еместігін әу баста айқындап алды. Президент экономикалық дамумен қатар, еліміздегі татулықтың тамырын тереңдету керектігін тәуелсіздік алғаннан бері халыққа түсіндірумен келеді.
Президент Жарлығымен 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Елбасының бастамасымен қолға алынған бұл идея елімізге не берді?
Бұл сауаға бүгін сағат 17.50-де «Өзекжарды» хабарының қонағы Мемлекет тарихы институтының өкілі, тарихшы-ғалым Дүйсен Жақияұлы жауап береді.