2-11 ақпан аралығында республика аймақтарында Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күніне орай онкологиялық аурулардың алдын алу бағытында онкүндік ұйымдастырылған болатын.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының директоры Жәмилә Баттақова «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының нәтижесінде онкологиялық аурулар арасындағы өлім-жітім азайғанын айтады.
Айта кету керек, бұл күн қатерлі ісікке қарсы халықаралық қоғамдастықтың ұйымдастыруымен жыл сайын 4 ақпанда аталып өтеді.
2015 жылы ол «Бұл қолдан келеді!» ұранымен өтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.