«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Головкин-Мюррей жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Головкин-Мюррей жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

10.02.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Головкин-Мюррей жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

21 ақпанда Монакода өтетін бокс кеші Астана уақыты бойынша сағат түнгі 01:25-те басталады. Ойынды ел аумағында интернет трансляциялау құқығы kaztrk.kz порталына берілген. 

Ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррей (29-1-1, 12 КО) мен орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек 21 ақпан күні «Salle des Etoiles» (Монте-Карло, Монако) аренасында өтеді. Бұл екі боксшы үшін кәсіпқой рингтегі 32-ші жекпе-жегі болмақ.

«Бұл өте қиын жекпе-жек болатынына күмәнім жоқ. Алайда мен де жеңіс үшін жұдырықтасамын», дейді Мартин Мюррей.

«Мен әрқашан өзім жаттықтыратын боксшыға сенімдімін. Оның қарсыласын туралы ойламаймын. Сондықтан біз Мартиннің құрған жоспарына бейімделмей, жекпе-жекті қалаған қарқынымызда өткіземіз. Қайта Мюррей Головкинге бейімделсін. Геннадий оны нокаутқа жіберіп, жекпе-жек бес раундтан артық уақытқа созылмайды деп ойлаймын», дейді Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес.

Айта кетейік, Головкин мен Мюррейдің жекпе-жегі болатын бокс кеші 21 ақпанда (21-ші ақпаннан 22-ші ақпанға қараған түні) Астана уақыты бойынша сағат 01:25-те басталады.

Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын барысын ел аумағында онлайн трансляциялау құқығы kaztrk.kz порталына берілген. Ал, жекпе-жектің қайталауын 22 ақпанда «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу