«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы мен Астана қаласының әкімдігі меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы мен Астана қаласының әкімдігі меморандумға қол қойды

07.02.2015
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы мен Астана қаласының әкімдігі меморандумға қол қойды

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мамин мен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум  қазақстандық үлесті тиімді дамыту, Астана қаласының тауар өндірушілерінің өнім сапасын көтеріп, түрлерін көбейтуді қамтамасыз етеді. Компания 2015 жылы елордасындағы кәсіпорындардан сатып алынатын тауарлар мен қызмет түрлерінің көлемін 49 миллиард теңгеге жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-нің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ұлттық компания 2015 жылы республикадағы өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдауға шамамен 133 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Хабарламаларға жазылу