«MelART» тобының әншілері Қайрат Тамабеков пен Шапағат Айғалыұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Біз мектеп кезінен бірге ән айтып келеміз. Түрлі конкурстарға да бірге қатыстық. Әнші болу – бала күнгі арманымыз. Репертуарымызда Отан, ана туралы әндер бар, бірақ, жас болғандықтан болар, әндеріміздің дені – сезімге қатысты»,-дейді жас өнерпаздар.
«Ән таңдауда Дәулет Бертаев, Нұрзат Рахатов сынды композитор ағаларымыздың көмегіне жүгінеміз. Алдымен, әннің сөзіне, мағынасына мән береміз. Біздегі мақсат – халыққа ескі әндерді өңдеп, жаңа бағытта жеткізу»
«Алдағы уақытта «Жас қанат» байқауына, Ұлттық арнадан көрсетіліп жатқан «Қазақстан дауысының» кезекті маусымына қатыссақ деген ой бар»,-дейді топ мүшелері.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.