7 ақпан күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, «Абылай ханның арманы» атты драманы халық назарына ұсынбақ. Осыған орай бүгін «Таңшолпанда» актер, «Кузбасс» құрмет орденінің иегері, қойылымдағы Абылай ханның рөлін сомдайтын Қуандық Қыстықбаев қонақта болды.
«2013 жылдың желтоқсан айында Абылай ханның 300 жылдығына орай премьерасы өткен. «Дарын» жастар одағы сыйлығының лауреаты Сырым Қашқабаев екеуміз Абылайдың рөлін сомдаймыз. Бұл – үлкен жауапкершілікті талап етеді».
«Хандарды театрда да, кинода да сомдаған Тұңғышбай ағамыздың өнерін біз студент кезімізде М.Әуезов театрынан көретінбіз. Актер болып қалыптасқалы бері хан, батырлардың рөлдерін сомдауға өзіміз де жетіп қалыппыз. Абылайды сомдау оңайға түспеді. Режиссердің көмегімен екі жылдың көлемінде әбден зерттеліп шыққан дүние»,-дейді актер.
«Біздің басты мақсат – Абылайдың адами қасиеттерін көрсету».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.