Қазақстандағы туризм саясатының бүгінгі ахуалы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы туризм саясатының бүгінгі ахуалы

05.02.2015
Қазақстандағы туризм саясатының бүгінгі ахуалы

Туризм саласы – мемлекеттің бет-бейнесі, тұрмыс-тіршілігінің, мәдени мұралары мен тарихи ескерткіштерінің айнасы. Бүгінде дүниежүзі бойынша туризм саласынан ел бюджетіне түсетін қаржы мұнайдан түсетін табыстан кейінгі екінші орында тұр.

Демек, бұл саланы дамыту – бүгінгі күннің талабы екені даусыз. Біздің қоғам әлі де болса, туризмді экономиканың кірісті саласы екенін түсіне алмай келеді.  Оның үстіне бұл салаға бейімделген білікті мамандардың тым аздығы, аталған салаға қажетті инфрақұрылымдардың әлсіздігі тағы бар.

Қазақстандағы туризм саясатының бүгінгі ахуалы қалай? Туризмді дамытудың негізгі жолдары қандай? Туристік қызметтердің сапасын қалай арттыруға болады? Бұл сауалдарға бүгін 17.50-де «Өзекжарды» хабарында географ-ғалым Орденбек Білісбекұлы жауап береді.

Хабарламаларға жазылу