Өмір бойы еңбектеніп, балаларын аяққа тұрғызған ақсақал енді сол бейнеттің зейнетін көремін деген шақта, немерелерін бағып отыр. Аналары марқұм болған екі бүлдіршінге әкелері қарамай кеткен.
Бойындағы қуаты қайтқан ата «баланы баға алмайсыз, балалар үйіне алып кетеміз», дегендерге немерелерін бермеген.
Қарияның мұндай халге түсуіне не себеп? Жетесіз ұл ма, әлде қоғам сондай ма?
Бүгін «Айтуға оңай...» бағдарламасы баласынан қалған немерелерін бағып отырған қамқор атаның жағдайына тоқталмақ. 21.05-те Ұлттық арнадан көріңіз.