Мемлекеттің басты байлығы – адам десек, дені сау адам ғана ел қазынасы, ұлт болашағы бола алатыны анық. Бүгінде дерттің түрі көп. Заман жақсарып, техника дамып, мүмкіндіктер молайып жатса да, көбісінің дауасы табылмаған. Солардың бірі – ВИЧ індеті.
ХХ ғасырдың індеті атанған ВИЧ төңірегіндегі қорқыныш уақыт өткен сайын үдей түсуде.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, осы күнге дейін 40 миллионнан астам адам ЖИТС ауруын жұқтырған. Көбіне, бұл дертке 20 мен 49 жас аралығындағы жандар шалдығады екен.
Атынан адам үркетін тажал тарихы қайдан басталған? Жалпы, емі жоқ дерт туралы не білеміз? Бүгін 19.10-да «Журналистік зерттеуді» көріңіз.