Танымал әнші Нұрлан Албанның шығармашылық жолы 1999 жылы республикалық «Жас қанат» байқауынан басталды. Байқауында ол дипломант атанып, «Көрермен көзайымы» аталымын иеленеді.
2000 жылы Алматыдағы Студенттер сарайында «Болдым ғашық өзіңе» атты алғашқы жеке шығармашылық концертін берді. Әнші 2001 жылы «Үркер» тобына қабылданып, осы шығармашылық ұжымда 10 жылға жуық еңбек етеді.
Нұрлан Албан бұдан өзге де жобалармен айналысып, өзін әр қырынан танытып келеді. 2010 жылы екі альбом шығарып, «Қарттарым, аман саумысың?» және «Сәлем, Қазақстан!» атты екі бейнебаян түсірді.
Әнші «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында өтіп жатқан «Қазақстан дауысы» тележобасындағы төрт тәлімгердің бірі.
Айта кету керек, жобаның алғашқы маусымында Нұрланның тобындағы Шахаризат Сейдахмет «Қазақстан дауысы» атанды.
Бүгін 23.30-да «Түнгі студиядан» әншінің әзілді сұхбатын тыңдаңыз.