Қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл дерттің әсіресе, мемлекеттік қызметшілер арасында өршуі алаңдатады.
Тәртіптік кеңестің басты мақсаты – қоғамда жалпыхалықтық мақсат-мүддеден туындап отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, мемлекеттік қызметшілердің халыққа көрсететін қызметі, қарым-қатынасы тек заң шеңберінде ғана жүргізілуі тиіс екендігі, бұл талаптар сақталмаған жағдайда атқарып отырған лауазымына қарамастан, заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын үнемі көпшілік назарына салып отыру, яғни, жасалған құқық бұзушылықтарға тиісті баға беріп оны болдырмауға шаралар қабылданып отырғанын жеткізу.
Тәртіптік кеңестің жұмысы күшейтілсе, парақорлық та, басқасы да болмас еді. Тәртібі босаңсып кеткен кез келген шенеунікті тәртіптік кеңеске шақырып, мәселесін қараса біраз шаруаның беті қайтары анық.
Осы тәртіптік кеңестің жұмысы туралы не білесіз? Оның халыққа берер пайдасы қандай? Бүгін 17.50-де «Өзекжардыны» көріңіз.