4 ақпанда Астанадағы «Тұран-профи» қалалық шаруашылық колледжінде ТКШ және құрылыс саласындағы энергия менеджерлерін оқыту басталады.
Сонымен қатар, қалалық шаруашылық колледжі базасында «Тұран-энерго» ресурстық орталығының ашылу рәсімі өтеді.
Орталық ТКШ және құрылыс саласында энергия тиімділігін арттыру бойынша ұзақ және қысқа мерзімді тақырыптық курстарды іске асырады.
Студенттер мен оқушыларға энергия үнемдеу курстары ұйымдастырылып, ТКШ және құрылыс компания жұмыскерлеріне біліктілікті арттыру курстары жүргізіледі.