«Достар» телехикаясының алғашқы бөлімін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Достар» телехикаясының алғашқы бөлімін көріңіз

02.02.2015
«Достар» телехикаясының алғашқы бөлімін көріңіз

«Достар» телехикаясы – еліміздің беделді, алдыңғы қатарлы оқу ордасындағы студенттердің күнделікті өмірі, болашаққа жасалған жоспары мен қарапайым ғана адамгершілік қарым-қатынасы туралы фильм.

Көп сериялы фильм  мұнайшы-технолог, биолог, инженер, тіл маманы, социолог маманына оқып жатқан алты студент  арасында өрбиді. Туындыда мектеп қабырғасынан тек кітаби біліммен келген таным-түсінік пен өмірдің өзінен алынған сабақ, сезім мен бақталастық, адалдық пен астамдық, ұяңдық пен тәкаппарлық туралы баяндалады.

Еліміздің таңдаулы оқу орнына түсіп, елорданың жас тұрғыны атанған студенттердің арман-қиялы мен таным-түсінігі әр түрлі. Алуан түрлі көзқараспен келген адамдардың тағдыры бір алаңда тоғысады.

Телехикаяның алғашқы бөлімін бүгін 19.30-да Ұлттық арнадан тамашалаңыз.

Хабарламаларға жазылу