Әлемдегі ақпараттық-байланыс технологиясындағы соңғы тенденциялар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ақпараттық-байланыс технологиясындағы соңғы тенденциялар

30.01.2015
Әлемдегі ақпараттық-байланыс технологиясындағы соңғы тенденциялар

Еліміз серпінді дамуы барысында өркендеудің жаңа сатысы – ақпараттық кезеңге аяқ басуда.  Интернет, жедел байланыс сияқты коммуникацияның жаңа құралдары әлемдегі дерек көздері мен базаларын жаппай пайдалануға мүмкіндік беріп отыр.

Ақпарат өндірістік фактор ғана емес, қоғамды демократияландырудың, билік құрылымдары ашықтығының негізгі құралдарының біріне айналуда.

Ақпараттық технологияның мақсаты – адамның талдау жасай отырып, нәтижесінде белгілі бір әрекетті орындау арқылы шешімдер қабылдай алатындай ақпаратты өңдіру.

Әлемдегі ақпараттық-байланыс технологиясындағы соңғы тенденциялар. Қазақстанның осы саладағы әлеуеті қаншалықты? Халықаралық телекоммуникация одағының бас хатшысы Хулин Жао бүгін 17.50-де «Өзекжарды» хабарында қонақта.

Хабарламаларға жазылу