«Шын жүректен!» бағдарламасы Бейсетай Дәуренбековке тосынсый жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шын жүректен!» бағдарламасы Бейсетай Дәуренбековке тосынсый жасайды

30.01.2015
«Шын жүректен!» бағдарламасы Бейсетай Дәуренбековке тосынсый жасайды

Қай кезде де ерлік ескерілуімен құнды. Бұл оны жасаған кісі үшін емес, өзгелер үшін керек. Кейінгі жас ұрпақты ерлік рухында тәрбиелеу үшін қажет. Бейсетай Дәуренбеков – қазақ халқының бойындағы қайраттылықтың зор екендігін бүкіл әлемге дәлелдеген азамат.

1972 жылы 18 желтоқсанда Іле өзенінің арғы бетіндегі мектепте оқитын 15 бала мінген қайық аударылып кетеді. Сол сәтте Бейсетай Дәуренбеков ойланбастан суға секіріп, жалғыз өзі балаларға көмекке ұмтылады. 15 баланың 12-сін құтқарып үлгереді. Ал, үш бала көптің көз алдында суға батады.

12 баланы жалғыз өзі құтқарған батырды «Шын жүректен!» бағдарламасында тосынсый күтіп түр. Бүгін 21.50-де көріңіз.

Хабарламаларға жазылу