«Иман айнасы» хабарында Абайдың дін мен діл туралы айтқан нақылдары сөз болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Иман айнасы» хабарында Абайдың дін мен діл туралы айтқан нақылдары сөз болмақ

30.01.2015
«Иман айнасы» хабарында Абайдың дін мен діл туралы айтқан нақылдары сөз болмақ

«Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті...»

 

Абайдың ұрпаққа ұсынар бағыты – адамгершілік жолы.

Абайдың діни көзқарастары туралы ғұлама Мұхтар Әуезов: «Абайдың діні – сыншыл ақылдың, адамгершіліктің діні», деген екен.

Ал, ғалымдар: «Абайдың ұстанған бағыты, діни түсінігі – махаббатқа негізделген. Алланы сүю, адамзатты сүю, әділеттікті сүюді – діннің, иманның кемелдігі деп бағалаған.  Алла үшін сүю Абайдың негізгі діни түсінігі»,-дейді.

Бүгін 19.15-те «Иман айнасы» хабарында дана Абайдың дін мен діл туралы айтқан нақылдары сөз болмақ.

Хабарламаларға жазылу