15 ақпан күні Мәскеуде «Вначале был звук...» атты өлең мен әуен тоғысқан моноспектакль өтеді. Кештің басты тақырыбы – өмір мәні, махаббат және муза.
Кеште Пастернак, Цветаева, Мандельштам, Бальмонт сынды танымал ақындар мен Марчелло, Бах, Каччини, Дебюсси, Пуччини, Скрябин, Рахманинов сынды әлем композиторларының туындылары орындалмақ.
Шарада ЕАЭК кеден одағына мүше – Қазақстан, Беларусь және Ресей елдерінің өкілдері өнер көрсетеді. Олар: Қазақстаннан – Ержан Нұрғалиев (вокал), Беларусь елінен – Вера Киселева (өлең оқиды) және Ресейден – Вера Чистякова (фортепиано).