«Ер қанаты – ат», деп білген қазақ халқы жылқыны о баста мініске үйреткен. Бірте-бірте қолайлы болуы үшін ер-тоқымды да ойлап тапқан көшпенділер еді.
Көне қазақ ері, жаңа қазақ ері, Қоқан ері, құранды ер, Бұқар ері – қазақтар пайдаланатын ерлер осындай бірнеше түрге бөлінеді. Негізі ерлер бір-бірінен алдыңғы қастарының әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Ер тұрман жасау – екінің бірінің қолынан келе бремейтін күрделі өнер. Себебі, жұмыс көпсатылы. Сондықтан, мұнда ерен еңбек пен төзімділік қажет.
Шебер Камал Мергенғалиұлының ер-тоқым жасау өнерімен «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.