Бүгін Көкшетау қаласындағы Ақмола облысының перинаталдық орталығына шала туған сәбилердi күтуге арналған медициналық жабдықты табыстау салтанаты өтедi. Құны 54 миллион теңге тұратын аппарат «Rixos Borovoe-2014» қайырымдылық велошеруi кезiнде жиналған қаражатқа сатып алынған.
Шараға Ақмола облысының әкiмi С.Кулагин, Ақмола облысы әкiмiнің орынбасары Н.Нұркенов, Көкшетау қаласының әкiмi Е. Маржықпаев, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқарма басшысының Ана мен бала денсаулығын қорғау жөнiндегi орынбасары Б.Иманқұлова, «Асыл Мирас» қоры және «Rixos Borovoe» қонақ үйiнiң өкiлдерi қатысады деп күтілуде.
Еске сала кетейiк, «Rixos Borovoe-2014» қайырымдылық велошеруiнен 12,5 миллион теңге жинау көзделген. Дегенмен, аталған шарадан 87,7 миллион теңге қаражат жиналған.
Аукционға Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың және «Astana Pro Team» велокомандасының, сондай-ақ, бiрқатар iрi қазақстандық компаниялардың лоттары қойылды.