Шыны керек, бүгінде әйел затының көпшілігі «Сұлулық – құрбандықты қажет етеді» деген біржақты қағиданы қолдайды. Сөйтіп, қас пен көзге, ерінге татуаж жасауды, кірпік, тырнақ, шаш жалғауды сәнге айналдырып, керек болса, дененің кез-келген мүшесін пластикалық ота арқылы өз қалауынша өзгертіп алатындар да бар. Ал, кей қыздардың тағы бір «проблемасы» - аяқтың қисықтығы.
Соңғы екі жылда пластикалық хирургия клиникасында аяқ формасын түзетуге арналған операцияларға сұраныс артқан. Аяқтың қисық болуына не себеп? Оны қалпына келтіруге бола ма?
Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» студиясында «аяғын түзеткісі» келетін қыз әңгімесімен бөліспек.