Қазақ театр сахнасында ұзақ жылдан бері репертуардан түспей келе жатқан қойылымдар жетерлік. Оның басты себеп – пьесаның өзектілігі. Өйткені, адамның жан дүниесінен сыр шертетін шығарма мәнін жоймайды.
Мәселен, Гогольдің «Ревизор» пьесасы Астана қаласының Жастар театрында он жылдан астам уақыт аралығында тоқтаусыз жүріп келеді.
«Ревизор» алғаш қойылғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Әрине, жақсы жағына. Жыл сайын өзгеріп жатқан дүние. Сондықтан, өзгертіп отырамыз», -дейді режиссер, театрдың көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай.
Актер Дәурен Серғазы бұл қойылымның алғашқы премьерасынан бастап күні бүгінге дейін басты кейіпкер Хлестаковтың рөлін сомдап келеді.
Ол: «Күнделікті ойнаған сайын жаңа өзгерістер қосамыз. Тек актерлік жағынан ғана емес, режиссерлік жағынан да өзгерістер болады. Қазіргі заманға сай, қазіргі көрерменге сай халықты зеріктіріп жібермес үшін өзгеріс енгіземіз»,-дейді.
Қойылым турасында толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.