Мұқағали Мырзамбетов: Мен әнші боламын деп ойлаған емеспін (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұқағали Мырзамбетов: Мен әнші боламын деп ойлаған емеспін (ВИДЕО)

26.01.2015
Мұқағали Мырзамбетов: Мен әнші боламын деп ойлаған емеспін (ВИДЕО)

«Алматыдан осы Астанаға келген жылдары жеке студия аштым. Студияға алғаш келген осы Мұқағали бауырым еді. Алғашында рэп жанрында өнер көрсетемін деді. Бірақ, түр-әлпеті, болмысы актер болуға лайық, дауыс  сайрап тұр. «Сен мынадай келбетіңмен қалайша рэп айтасың? Ол басқа ұлттың өнері. Сен қазақтың әншісі болуың керек», деп шәкірттікке алдым»,-дейді композитор.

«Әнші боламын деп ойламадым. Бірақ, өзімнің туған атам әлемге танымал опера әншісі – Амангелді Сембин.  Сол кісіден дарыған болар, менде де өнердің ұшқыны бар. Атам өмір бойы актер болғысы келген. Алайда, мұндай мүмкіндік берілмеген. Менің актер де, әнші де болғым келеді. Бүгінде «Шабыт» өнер академиясында оқимын. Алдымен өзімді әнші ретінде танытқым келеді»,-дейді жас әнші.

Шығармашылық жаңалықтарымен бөліскен сазгер: «Қазір бес әнге аранжировка жасалды. Толқын Аханұлының сөзіне жазылған «Мен сені сүйіп өтем» деген әнге бейнебаян түсірдік. Толқын Аханұлы ағамыз, Серік Сейітман, Айсәуле Бейсенхан, Олжас Құлымбай сынды жас ақындармен байланыс жасап тұрамыз»,-дейді.

Мұқағали Мырзамбетовтің «Жан анам» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

 
 
 

Хабарламаларға жазылу