Қазақстанның барлық аумағында аязды ауа райы сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның барлық аумағында аязды ауа райы сақталады

26.01.2015
Қазақстанның барлық аумағында аязды ауа райы сақталады

Қазақстанның барлық аумағында аязды ауа райы сақталады. Еліміздің оңтүстік өңіріндегі жекелеген аудандарда аздап қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды gismeteo.

Қазақстанның орталығында көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз −21...-25°C, түнде −27...-32°C.

Солтүстік өңірде де көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашын болмайды. Күндізгі ауа температурасы −18...-23°C, ал кей жердерде −25...-27°C-қа дейін жетеді. Түнде −23...-28°C,  Павлодар облысында −32...-35°C.

Шығыс Қазақстанда көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашын болмайды, дейді синоптиктер. Ауа температурасы күндіз шамамен −28...-31°C, түнде −33...-37°C-қа жетеді.

Республиканың оңтүстік облыстарының көп бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек Алматы мен Жамбыл облыстарында қар жауып, тұман түсуі ықтимал. Күндізгі ауа температурасы −9...-12°C, кей жерлерде −13...16°C, ал Оңтүстік Қазақстан облысында −5...-8°C болмақ. Аймақтағы түнгі температура −12...-15°C, кей жерлерде −17...-19°C.

Батыс Қазақстанда жауын-шашын жаумайды, ала бұлтты. Маңғыстау облысында екпінді желдің жылдамдығы  - 15-20 м/с. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында күндізгі ауа температурасы −18...-22°C,  кей жерлерде −25°C. Түнде  −22...-27°C, ал Ақтөбе облысында −30°C-қа жетеді. Атырау облысында күндіз −8...-10°C, түнде −14...-16°C, Маңғыстау облысында күндіз −2...-5°C, түнде −8...-10°C.

Хабарламаларға жазылу