Фариза ақынның жанына демеу болған, қамыққанда серік болған, қуанышына ортақтасып, қайғы-мұңын бөліскен жан серігі – поэзия. Оның өмірінің мәні де, сәні де поэзия еді.
Ақын оқырманын бірде мұңлы лирикасымен тербетсе, енді бірде өр де асқақ жырларымен серпілтті.
Ғұмыры өлең болып өрілген Фариза ақынды еске алуға арналған «Асыл бейне» атты кешті бүгін Ұлттық арнадан сағат 22.30-да көріңіз.