28 қаңтарда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Astana Ballet» театры әлемдік хореография жауһарларынан топтастырылған «Ғасырдан ғасырға» атты екі бөлімді балет кешін ұсынады.
Кештің хореографиясын белгілі педагог-хореографтар Алтынай Асылмұратова мен Елена Шерстнёва қойған, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.
Шарада «Корсар» балетінен «Жаңғырған бақ» көрінісі және Михаил Фокин мен Анна Павлова қойған хореографиялық миниатюралар орындалады.
Сондай-ақ, «Орыс биі», «Инелік», «Рондино», «Калифорниялық көкнәр», «Түн», «Аққу» миниатюралары көрермендер назарына ұсынылмақ.