Үмітжан Ботбаева – «Ақ әжелер» фольклорлық-этнографиялық халық ансамблінің бишісі. 1989 жылы ол ансамбльдің 20 мүшесімен бірге Мәскеуде өткен фестивальде «Келіншек» биін орындап, бірінші орынды жеңіп алады.
Үмітжан апаны аудан халқы биші ретінде ғана емес, сондай-ақ, тігінші, тоқымашы және сынықшы ретінде де жақсы біледі.
50 жылдан соң опера сахнасына қайта оралған биші әженің өнерін бүгін 21.50-де «Шын жүректен!» бағдарламасынан көре аласыздар.