Фариза Оңғарсынова – ұлттық поэзияға зор үлес қосқан жыр әлемінің жарық жұлдызы, поэзия падишасы атанған ақын.
Қоғамдағы әділетсіздікті мүлдем қабылдай алмай, ешкімнен сескенбей, қарсылық көрсете білген ақын, бір өлеңінде: «Сұңғыла перзенттерін қорғамаған. Қоғамды қоғам деуге бармайды арым...»,-дейді.
Ақынды замандастары: «Фаризаның өлеңдерінен өзіне тән өр мінезі, өршіл рухы, адам жанының терең қалтарыстарына жіті үңіліп, соны таңғаларлықтай шеберлікпен аша білетін қуатты талант тегеуріні айқын сезіліп тұратын», деп еске алады.
Оның жүректерге от беріп, нұрландыратын жырлары бүгінгі ұрпаққа да, кейінгі ұрпаққа да үлгі, бағдаршы бола бермек.
Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» Фариза ақынның өмірден озғанына жыл толуына орай еске алмақ.