Шаруалар «Құлан» бағдарламасының игілігін көруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаруалар «Құлан» бағдарламасының игілігін көруде

12.11.2015
Шаруалар «Құлан» бағдарламасының  игілігін көруде
Шаруалар «Құлан» бағдарламасының  игілігін көруде

Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы мал шаруашылығы «Көшім» жылқысын көбейтіп отыр. Шаруашылық биылғы сауын маусымында 60 бас бие байлап, 15 мың литр қымыз өндірген. Алдағы жоспар - бие санын 100-ге жеткізіп, қымыз өндірісін одан әрі дамыту. Бұл туралы Қазақ радиосының аймақтағы тілшісі Нұрқанат Құлабаев хабарлайды

Көшім жылқысы аса бап талғамайды. Тиімділігі – жыл 12 ай жайылымда жүреді. Қысқа азық қамдап қажеті жоқ. «Бұл жылқының ерекшелігі – сүт пен етті мол береді, әрі ат құлағы көрінбейтін ақ боран мен сақылдаған сары аязды да елемей, қыс бойы тебіндеп шығады, - дейді шаруашылық зоотехнигі Төлеген Асанов.
Шаруашылық биыл «Құлан» бағдарламасы бойынша 200 байтал, 29 айғыр сатып алған. Нәтижесінде мал санын 600-ден асырып, «асылтұқымды шаруашылыққа» айналды. «Құлан» бағдарламасының арқасында өңір шаруалары жылқы өсіруге ден қоя бастады, - дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасының бас маманы Әлімжан Жүсіпов.

Бүгінде мемлекет шаруалар өндірген әр литр қымызға 60 теңге, жылқы етінің келісіне 92 теңге демеу қаржы бөледі. Облыста осыдан үш жыл бұрын жылқы саны 90 мың шамасында болса, қазір 110 мыңның үстінде.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу