Ан-2 ұшағының апатына байланысты Үкіметтік комиссия құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ан-2 ұшағының апатына байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

21.01.2015
Ан-2 ұшағының апатына байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

Бүгін Үкіметте Жамбыл облысында Ан-2 ұшақ кемесінің апатқа ұшырау себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссияны құру туралы шешім қабылданды.

Комиссияны Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек басқарды. Оның құрамына ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов, Бас көлік прокуроры Ыбырай Тілеуғалиев, ҚР ІІМ, Жамбыл облысының әкімдігі және басқа мемлекеттік органдар өкілдері кірді.

Қазіргі уақытта комиссия апат себептерін анықтау бойынша жұмыстарға кірісті.

Ан-2 әуе кемесі, тіркеу нөмірі UP-A0314 (сериялық № 1Г14970);

2009 жылдың 28 тамызында Мемлекеттік реестрге енгізілді;

Әуе кемесінің меншік иесі  -  «OLIMP AIR» ӘК;

Әуе кемесінің эксплуатанты - АК «OLIMP AIR»;

Әуе кемесінің шығарылған күні - 1973 ж. 20-тамыз;

Әуе кемесін пайдалану басынан атқарылған жұмыс көлемі 13080 сағат (әуе кемесінің бұл типіне 20000 ұшу сағаты белгіленген).

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің инспекторларымен әуе кемесінің сертификациялық тексерісі 2014 жылдың маусымында өткізілді. Тексеріс қорытындылары бойынша әуе кемесіне кейінгі ұшуларға рұқсат берілді.   

Ан-2 әуе кемесінің  ұшу жарамдығы сертификаты 2015 жылдың 10 маусымына дейін берілген.

Компанияның авиациялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру сертификаты 2014 жылдың 26 желтоқсанына дейін жарамды. 

Хабарламаларға жазылу