Сурет салуды қолға алғыңыз келе ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сурет салуды қолға алғыңыз келе ме?

21.01.2015
Сурет салуды қолға алғыңыз келе ме?

Сурет салуға деген икем әрбір адамның сәби кезінен-ақ байқалады.  Тіпті тілі шықпаған нәрестелер де қиялындағы кескіндерді қағаз бетіне түсіреді.

Суретші Екатерина Гузеева «Таңшолпанға» берген сұхбатында: «Сурет салуға жақын адамдар өзіне сенімді болады. Барын салып кіріскен сурет жақсы шығады. Туындыларын өзгелерге көрсеткенде қолдау тапқан сайын ішкі сенімділік артады. Яғни өнер жолында өзіндік қолтаңбасы қалыптасады», - дейді.

Уақыт өте келе бұл өнер ұмыт болса да, кейде сурет салуға деген құштарлық оянады. Шығармашылықты шыңдау үшін не істеу керек?

«Сурет салуды үйренгісі келетіндер үшін берер кеңесім  - аса қиындық тудырмайтын туындыларды көшіріп салудан бастағаныңыз жөн. Табиғат немесе басқа да түрлі тартымды құбылысты  таба алсаңыз, тіпті керемет. Есіңізде болсын, көшіріп салу деген - тура сол қалпында қайталау емес. Суретшінің шығармасының ойын түсініп, бояуларына мән беріңіз», - дейді Екатерина Гузеева.

Хабарламаларға жазылу