Алматылық Виктор Лихолат атақты адамдардың қолтаңбасын жинайды. Қазір оның үйінде кітап, хат, фотосурет түрінде 400-дей жәдігер бар.
«Мені Қазақ елі мен ТМД аумағында ғана емес, көптеген шет мемлекеттер де жақсы таниды. Әріптестерім ғаламтор арқылы сурет жіберіп, ұсыныс жасайды. Іздеген адам міндетті түрде табады. Ал, тапқан кезде рахаттанамын. Үлкен жеңіске жеткендей сезімге бөленемін», - дейді қолтаңба жинаушы Виктор Лихолат.
Ол күндердің күнінде осы дүниелері мұражайда тұрады деп үміттенеді. Сондықтан болар, ең пайдалы, ең құнды жәдігерлерді жинауға тырысады екен.
Виктор Лихолат шетелдерге көп шығады. Барған жерінен бос қайтпайды.
«Таңшолпан» бағдарламасынан аты әлемге әйгілі тұлғалардың қолтаңбасы мен фотосуретін жинауды әдет еткен кейіпкер туралы сюжетті тамашалаңыздар.