Ұлттық арнаның «Apta.kz» бағдарламасы Ақордада Елбасы төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өткен жиынды сараламақ.
Сондай-ақ, бүгін Жол жүру ережесі туралы жаңа Заңның кейбір түйткілді тұстары, Батыс Қазақстан облысындағы ономастиканың жай-күйі және «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Астанадан аймақтарға салынатын жолдар туралы айтылады.
Парижде болған лаңкестік оқиға да «Apta.kz» тілшілерінің назарында.
Басталуы: 20.00-де.