Ғафис Есімов: Уақытында сахнадан кеткен дұрыс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғафис Есімов: Уақытында сахнадан кеткен дұрыс

16.01.2015
Ғафис Есімов: Уақытында сахнадан кеткен дұрыс

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасына  Қазақстан Республикасының Халық әртісі, опера әншісі, режиссер, ұстаз  Ғафис Есімов сұхбат берді.

Ғафис Есімов – 6 жасынан әкесінен домбыра тартуды үйренген. Жастайынан оркестр мүшесі болған. Аудандық, облыстық байқауларға қатысып, жүлдегер атанған. 7-8 сыныптан бастап ән салған. Мектепті бітірген соң, консерваторияның дайындық курсына түскен.

«Көп дайындалған, көп толғанған спектаклім – Абайдың бейнесі. Оған дейін Абайдың шығармашылығын оқып, Абайдың әндерін айттым. Абайдың сөзіне жазылған Қазақстан композиторларының ән-романстарын айттым. Либреттосын да, романын да оқыдым. Пісіріп барып, сахнаға шығарғандай болдым. Абай - мен үшін өте ыстық», - дейді Ғафис Есімов.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу