Астанада және Ақмола облысында 13-14 қаңтарда ескерту жарияланды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.
«13-і күндіз, 14-і түнде оңтүстік-батыстан күшті жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді деп күтілуде», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, 13-14 қаңтарда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20-ға жетіп, жер-жерлерде екпіні 25 м/с-қа жетуі мүмкін. Кей өңірлерде боран соғып, көктайғақ болады.