Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 103 жылдығы аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 103 жылдығы аталып өтті

12.01.2015
Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 103 жылдығы аталып өтті

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың туғанына - 103 жыл. Осыған орай, Алматыда  Д.А.Қонаевты еске алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға қатысушылар Д.А.Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

«Димекең ұлылықты бойына сіңірген, бар саналы ғұмырын халқына, Отанына бағыштаған ұлы тұлға. «Ұлық болсаң, кішік бол», - дейді қазақ. Ұлық бола жүріп, кішік болудың үлгісін көрсетіп кеткен осы Димекең», - дейді Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов.

Шара соңында қатысушылар Д.Қонав мұражайын аралады.

 

Сурет: ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу