Елімізде көліктегі алғашқы медициналық қобдишаның құрамы өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде көліктегі алғашқы медициналық қобдишаның құрамы өзгереді

11.01.2015
Елімізде көліктегі алғашқы медициналық қобдишаның құрамы өзгереді

11 қаңтардан бастап елімізде көліктегі алғашқы медициналық қобдишаның құрамы өзгереді.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің хабарлауынша, жаңа ережеге сәйкес қобдиша құрамында мынадай заттар болуы тиіс: сутегі тотығының 3 пайыз ерітіндісі, зарарсыздандырылған бинт, медициналық салфеткалар, таңу пакеті, медициналық гигроскопиялық мақта, қан тоқтататын резеңке, медициналық жапсырма, эластикалық түтікшелі бинт және медициналық қолғаптар мен ұшы доғал қайшы.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 18 қарашада «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығына өзгерістер енгізілген болатын.

Хабарламаларға жазылу