11-17 қаңтар аралығында Алматыда математика, физика және информатикадан ХІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді.
Оған Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия елдерінен 400-ге жуық оқушы (60 команда) қатысады.
Қазылар алқасының құрамында әлемнің 9 елінің ғалымдары бар.
Дәстүр бойынша жеңімпаз команда Гран-при иегері атанады. Сондай-ақ, үздік шыққандар бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.