Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков білім беру мекемелерінің жұмысымен танысты (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков білім беру мекемелерінің жұмысымен танысты (ФОТО)

09.01.2015
Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков білім беру мекемелерінің жұмысымен танысты (ФОТО)

Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков көшпелі кеңес өткізіп, білім беру мекемелерінің жұмысымен танысты. Қала басшысы Оқушылар сарайында, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №64 «Асыл бөбек» балабақшасында, Юрий Гуров атындағы №6 гимназияда, Астана қаласының кәсіптік-техникалық колледжінде болды, деп хабарлайды astana.kz.

Қала әкімі Оқушылар сарайы басшысына үйірмелердің және секциялардың қолжетімділігіне, балалардың демалыстарын қызықты өткізулеріне назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, ата-аналардың баланы секция мен үйірмелерге жазу кезінде ешқандай қиындықтарға тап болмауы тиіс екенін атап өтті.

Көшпелі кеңес барысында Астана әкімі Білім басқармасына білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын және білім беру сапасын жақсарту жөніндегі мәселелерді назарда ұстауды тапсырды. Барлық білім беру мекемесіндегі балаларды тамақтандырудың сапасына да назар аударды.

Балабақшаларда орындардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында жұмыстарды күшейтуді, сондай-ақ, ағымдағы жылы орта мектептерде үш ауысымдық оқуды жоюды, осылайша, мектептердің шамадан тыс толық болуын жоюды тапсырды.

Хабарламаларға жазылу