Қазақстанда 2015 жылы көмірден бензин өндіру жолға қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 2015 жылы көмірден бензин өндіру жолға қойылады

09.01.2015
Қазақстанда 2015 жылы көмірден бензин өндіру жолға қойылады

Қазақстанда 2015 жылы көмірден бензин мен дизелді отын өндіру бір жолға қойылады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Технологияларды коммерцияландыру орталығының бас директоры Дамир Егізбаев.

«Қазақстанның қоңыр көмірінен бензин және дизельді отын өндіру жобасын 2013 жылдан бері Көмір химиясы және технологиялар институты іске асыруда. Көмірді қайта өңдеу үдерісі дүниежүзі мамандарымен дайындалған. Алайда қазақстандық ғалымдар бұл технологияны отандық қоңыр көмір ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеп, технологиялық үдерісті шапшаңдатып, отын бағасын төмендете алды», - дейді Д.Егізбаев.

Сонымен қатар, бас директор атап өткендей, 2015 жылдың сәуірінде шағын тәжірибелік-эксперименттік кешен құрылмақ.

«Ерементау жанындағы «Сарыадыр» көмір кенішіндегі шағын тәжірибелік-эксперименттік кешеннің қуаттылығы тәулігіне 0,8 тоннаны құрайды. Осы ретте сұйық отынның бағасы 1 литрына 42 теңгені құрайтын болады.

Бүгінгі күні, көмірден бензин және дизельді отын өндіру бойынша эксперименттік кешен жұмысының сәтті өткен жағдайында өнеркәсіптік өндіріске қаржы жұмсауға дайын инвестор да табылып отыр», - деді Д.Егізбаев.

 

Хабарламаларға жазылу