Бүгін «Түрік фильмдері апталығына» келген бауырлас елдің медиа және кино саласы мамандары корпорация басшылығымен кездесті.
Тараптар түркі әлеміне ортақ тұлғалар мен ортақ мәдени мұрамызды көрсететін бірлескен жобалар түсіруді талқылады. Келер жылы «Қорқыт ата» туралы Қазақстан, Түркия және Әзірбайжанның қатысуымен толықметражды фильм түсіру мәселесі бірауыздан құпталды.
Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ