Ұлттық банк ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыра бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыра бастады

09.11.2015
Ұлттық банк ипотекалық  қарыздарды қайта қаржыландыра бастады
Ұлттық банк ипотекалық  қарыздарды қайта қаржыландыра бастады

Еліміз бойынша, 3500 борышкердің ипотекалық қарыздары қайта қаржыландырылды. ҚР Ұлттық банкі ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының жүзеге аса бастағаны туралы хабарлады.

Осы орайда бүгінде банктерге 11 мың өтінім түскен. Оның 6 мың өтінімі бойынша оң шешім қабылданды. Айта кетсек, бағдарлама қарыз алушылардың кепілге берілген жалғыз тұрғын үйін сақтау және проблемалық кредиттердің үлесін төмендетуге бағытталған.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен 2015 жылғы 11 ақпанда өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық Банкке Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырған болатын. Сол тапсрымаға сәйкес Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қаржыландыру үшін 130,0 млрд. теңге бөлген еді.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу