3 қаңтар күні Қазақстанның басым аймағында қар жауады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

3 қаңтар күні Қазақстанның басым аймағында қар жауады

02.01.2015
3 қаңтар күні Қазақстанның басым аймағында қар жауады

Күн бұлттанып, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғып, қар жаууы мүмкін.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ауа райы құбалмалы болады. Жамбыл облысында ауа температурасы 0-2°С, Оңтүстік Қазақстан облысында -1+1°С, Қызылорда облысында -2-4°С болады деп күтілуде.

Ал, Алматы облысында күн райы бұлтты. Синоптиктер кешке қар жауады деп болжайды.

Еліміздің батыс және солтүстік аймағында қар жаууы ықтимал. Ақтауда ауа температурасы +4+6°С болса, Ақтөбеде -5-7°С деп күтілуде.

Сонымен қатар, Петропавлда -22-24°С, Павлодарда -14-16°С, ал Өскеменде қар жауып, -12-14°С суық болады.

 

 

Хабарламаларға жазылу