1 қаңтардан бастап, Сербия Швейцарияның орнына 57 мүшені біріктірген әлемдегі ірі өңірлік ұйым - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету қызметіне кірісті, деп хабарлады РИА «Новости».
Сербияның бірінші вице-премьері және СІМ басшысы Ивица Дачичтің төрағалығымен ЕЫҚҰ-ның алғашқы ресми шарасы 15 қаңтарда өтетін Тұрақты кеңес конференциясы болмақ.
Дачичтің айтуынша, Төрағалықтың басты басым міндеті - тараптарды бейбіт үрдіске келтіру үшін Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша делдал рөлін орындау.
Украинадағы дағдарысты шешуден басқа Сербия 1990-шы жылдардағы қарулы қақтығыстардың салқыны сақталған Балканда ынтымақтастықты нығайтумен айналысуға ниетті.
Бұдан бөлек, жаңа төраға елдің маңызды міндеттерінің бірі Хельсинкиде өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің мемлекеттері мен үкіметтері саммитінің қорытынды құжаты - Хельсинки қорытынды актісін қабылдаудың 40-жылдық мерейтойын ұйымдастырып, соғыстан кейінгі шекараның мызғымайтын қағидатын бекіту. Осыған байланысты «Хельсинки плюс 40» ЕҚЫҰ жаңа стратегиялық құжатын әзірлеу күтілуде.
ЕҚЫҰ-ның МК отырысы 2015 жылғы 3-4 желтоқсанда Белградта өтеді. Министрлер кеңесі СІМ басшылары деңгейінде өтеді.