Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Гүлнұр Оразымбетова қонақта болып, сұхбат берді. Әнші 2014 жылы жылқы жылында жеткен табыстарымен бөлісті.
«2014 жыл отбасым үшін жақсы жыл болды. Үлкен ұлымыз биыл қазақ-түрік лицейінің грантын жеңіп алды. Өзім кезекті мүшелден шықтым. Өнерге қатысты айтатын болсам, биыл үйде көп отырмадым. «Арманым-ай» деген атпен ән жинағым шықты», - дейді ол.
Сондай-ақ, Гүлнұр Оразымбетова Жаңа жылды қалай қарсы алатынын, қандай ас әзірлейтінін айтты.
«Бала кезде Аяз Атаның бар екеніне сендім. Оған хат та жазатынбыз. Аяз Атадан сұрайтыным – сахналық көйлектер болды», - дейді әнші.