Қыр төсінде отар-отар қой өргізген қазақ үшін оның қадірі әрине зор. Ғалымдар да қой етінің емдік қасиеттерін анықтаған. Мысалы, қаны аз адамдардың гемоглобинін көтеруге қой етінің септігі зор. Қойдың жілік майын туберкулез дертіне шалдыққан адамдарға жегіссе, жақсы нәтиже береді.
Сондай-ақ, абайсызда жылан немесе басқа да улы жәндіктер шаққан жағдайда, қой сүйегін күйдіріп, сірке суына малып, мақтамен орап, шаққан жеріне таңып қойса, удың ағзаға тарап кетпеуіне көмектеседі.
Халқымыз «Қойдың сүті – қорғасын» деп бекер айтпаған. Сиыр сүтімен салыстырғанда қой сүтіндегі қоректік заттар екі есе көп. Толығырақ сюжеттен біле аласыздар.